Әлем • 16 Сәуір, 2018

 II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы болуы мүмкін

1701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания ханшайымы II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның The Week, Daily Mail, StepFeed, The Times , News Week сияқты бірқатар беделді басылымдары жазды.

 II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы болуы мүмкін

Әлемдегі ең әйгілі генеалогия қорларының бірі, Burke's Peerage Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның шын мәнінде Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы екенін түсіндіретін 1986 жылғы  зерттеуді жариялады.

Зерттеуге сәйкес, 91 жастағы Ұлыбритания ханшайымы Мұхаммед Пайғамбардың 43-ші буынынан тарайтын ұрпағы.

Burke's Peerage баспасының директоры Harold Brooks-Baker-дің айтуынша: «Британиялықтар Мұхаммед Пайғамбар мен Ұлыбритания патшайымы арасындағы байланыс туралы көп біле бермейді. Алайда, барлық мұсылман дінбасылары бұл фактіні мақтан тұтады», дейді.

Алайда, Buckingham Palace бұл ақпарат туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.